Саясат

ҰҚК террористерге қосылған күдіктіні ұстады

27 қаңтарда «халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін» дейтін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ыстамбулдан Алматыға жеткізілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет таратқан деректерге қарағанда 22 жастағы азамат   Стамбулдан Алматыға айдауылмен депортацияланған. Яғни  тиісті органдар қызметкерлерінің бақылауымен әкелінген. Мәліметтерге қарағанда күдікті 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекет етіп жүрген қарулы топтардың біріне кірген. Ал оны ұстау және елге қайтаруға ҰҚК қызметкерлеріне  түркиялық серіктестері қолдау көрсеткен. Сонымен қатар  Қазақстан Респбуликасының Бас прокуратурасы мен ІІМ де  әріптестеріне  қолдау көрсетті. 
Күдіктіге  қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі ҰҚК тергеп-тексеруде.
Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.  Өзге ақпараттарды ҰҚК  жария етпеді. Тек Түркістан облысында дүние келгені белгілі болды.